Петропавлда үш адамның өліміне күдікті деп сотталған адам алқабилердің шешімімен ақталып шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Петропавлда алқабилер соты төрт жасар бауырын бірге тұратын әйелін және оның бір жасар қызын аса қатыгездікпен өлтіргені үшін сотталған адамды ақтады.Өз кезегінде прокурор сотталушыға өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын сұраған.
Әуелі өрт болған
Қанды оқиға былтыр қыркүйек айында болған. Петропавл шағын аудандарының біріндегі жеке үйде өрт кезінде жас әйел мен екі кішкентай баланың денесі табылады. Өрттен аман қалған жалғыз адам өз отбасын өрттен шығаруға уақыт болмағанын айтады. Өрт шыққан кезде ол ұйықтап жатқанын, оянған кезде туыстарын құтқаруға тырысқанымен, бірақ олардың ес-түссіз күйде екенін көріп, терезені сындырып шыққанын мәлімдейді.
Алайда бір айдан кейін 26 жастағы ер адам кісі өлтірді деген күдікпен ұсталды. Осы жылдың наурыз айынан бастап сот алқабилердің қатысуымен қаралды. 5 қыркүйекте жарыссөз өтті.
Прокурор Роза Жолаушинова жарыссөз барысында сотталушының кінәсі толық көлемде дәлелденгенін атап өтті.
Айыптау қорытындысы бойынша, 2023 жылдың 25 қыркүйегінде кешке сотталушы өзінің бірге тұратын әйелімен қақтығыс кезінде бір жасар қызын ұстап алып, баланы өз бойының биіктігінен тастап жіберген. Қыз ауыр жарақат алып, сол жерде қайтыс болған.
Содан кейін сотталушы өзімен бірге тұратын әйелді есінен танғанша тұншықтырып өлтірді. Бала не болғанын айтады деп қорқып, өзінің бауырын да тұншықтырып өлтіреді.
Сотталушының өзі тергеу барысында да, сотта да кінәсін мойындамады.
"Мен өзім өртеніп кете жаздадым, менде кісі өлтіру ниеті де болған жоқ. Мен ешқашан қыздар мен балаларды ренжіткен емеспін, бұл менің өмірдегі ұстанымым. Мен аман қалғаным үшін ғана кінәлімін", - деді сотталушы өзінің соңғы сөзінде.
Кіші баласынан айырылған сотталушының анасы үлкен ұлының кінәсіздігін талап етті. Ол сот пен алқабилерден ақтау үкімін шығаруды сұрады.
"Алқабилер алқасының қатысуымен сот үкім шығарды: сотталушыны кінәсіз деп танылып К. - ға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы жойылсын. К.дереу сот залында қамаудан босатылсын. Қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тарту салдарынан келтірілген зиянды өтеу құқығы ақталды деп танылсын", - деді судья Дастан Исмаилов оқыды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ. Шешімге апелляциялық шағым берілуі мүмкін.