×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қашағандағы жөндеу кейінге қала ма

05.09.2024, 22:45
Қашағандағы жөндеу кейінге қала ма
Ашық дереккөзден

Қазақстанның Энергетика министрлігі Reuters агенттігінің Қашағандағы жөндеуді кейінге шегеру туралы ақпаратын жоққа шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Reuters агенттігі дереккөздерге сілтеме жасай отырып, қазақстандық Энергетика министрлігі North Caspian Operating Company (NCOC) консорциумына "газ тапшылығына байланысты қазан айында  басталатын техникалық қызмет көрсетуді келер жылға қалдыру туралы өтінішпен" жүгінгенін хабарлады.

ҚР Энергетика министрлігі бұған жауап ретінде ресми хабарлама таратты.

"Бұл нұсқа қарастырылды, бірақ бұл тек бұрын талқылау деңгейінде болды. Ешқандай шешім қабылданған жоқ. Қазақстан әлі де ОПЕК + келісіміне адал болып қала береді және өз міндеттемелерін толық орындау және ОПЕК хатшылығына ұсынылған өтемақы жоспарына сәйкес келу үшін шаралар қабылдайды", – делінген хабарламада.

Өнімділігі күніне 400 000 баррель болатын кен орны 28 күнге созылатын техникалық қызмет көрсету үшін қазан айында жабылады деп жоспарлануда.