2024 жылдың бірінші жартысында Қазақстанда туристерге арналған орын саны 4167 объектіге дейін өсті, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 253 бірлікке артық, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Нысандар, соның ішінде қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер және туристік базалар 3,9 миллион келушілерді қабылдаса, олардың 14,2% шетелдіктер.
Кім көшбасшы, кім аутсайдер?
Туристердің басым көпшілігін Алматы қабылдаған. Шаһардың еншісінде — бір миллион адам. Бұл көрсеткіш бойынша екінші орында 667,2 мың келушісі бар Астана тұр. Үшінші орынды Шымкент алады, онда 252,9 мың адам барыпты.
Ал туристер ең аз баратын облыс Ұлытау өңір. Небәрі 13,6 мың туристті қабылдады.
Пайдасы бар ма?
Осы кезеңде туризм саласында көрсетілген қызметтер көлемі 121,3 миллиард теңгені құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,9% - ға артық. Орналастыру объектілерінің ең көп саны Алматы (385), Жетісу (361) және Ақмола облысында (354) байқалады.