×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Пандемия 2025 жылға дейін созыла ма

24.11.2021, 07:05
Фото: ашық дереккөзден

Желіде Халықаралық банктің құпия құжатында пандемияның 2025 жылға дейін созылатыны жазылған деген дақпырт тарады деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Алайда мамандар қазақстандықтар әлеуметтік желілерде өзара бөлісіп жатқан Халықаралық қайта құру және даму банкі мен Халықаралық даму қауымдастығы құжатының «пандемия тек 2025 жылы аяқталады» деген скриншотының бұрмаланып жеткізілуде екенін айтып ақталады. Оның үстіне ол құпия емес, баршаға қолжетімді болып шықты.

«Онда COVID-19 пандемиясының қашан аяқталатыны туралы болжам жасалмаған. Іс жүзінде құжатта «осы жаһандық пандемиямен және оның салдарымен күресте ХДҚ және ХҚДБ бағдарламасына қатысуға құқығы бар елдерге» көмек пен қолдау көрсету тетіктері сипатталған», – деп түсіндіреді сарапшылар.

Бұл тізімге Ауғанстан, Аргентина, Кабо-Верде, Камбоджа, Конго Демократиялық Республикасы, Джибути, Эквадор, Эфиопия, Гамбия, Гана, Гаити, Үндістан, Кения, Қырғыз Республикасы, Мальдив, Мавритания, Моңғолия, Пәкістан, Парагвай, Сан-Томе және Принсипи, Сенегал, Сьерра-Леоне, Шри-Ланка, Тәжікстан және Йемен кіріп отыр.

Пандемияны жоспарлауға емес, мұқтаж елдерге көмек таратуға арналған делінудегі бағдарлама 2020 жылдың 2 сәуірінен 2025 жылдың 31 наурызына дейінгі кезеңге есептелген. Тиісті кезеңде банк COVID-19 пандемиясы кезінде қолдауды қажет ететін елдерге көмек көрсетпек. Халықаралық қайта құру және даму банкінің пандемия жариялауға немесе оны ұзартуға құқығы жоқ екені, ахуал індеттің өршуіне немесе адамзаттың одан арылу деңгейіне байланысты екені аян.

Қазақстанда өткен тәулікте 1502 адам коронавирус індетінен емделіп шықса, 905 адамда аталған дерт ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары