×
488.11
530.09
5.01
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.11
530.09
5.01

Қазақстанның халқы банктерге 18,7 триллион теңге қарыз

06.09.2024, 17:29
Қазақстанның халқы банктерге 18,7 триллион теңге қарыз
Коллаж Ulysmedia.kz

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі халыққа берілген кредиттер 2024 жылғы шілдеде 2,2%-ға ұлғайғанын хабарлайды, деп жазады Ulysmedia.kz.

 

– Халыққа берілген кредиттер 2024 жылғы шілдеде 2,2%-ға ұлғайып, 18,7 трлн теңгені құрады (2024 жылдың басынан бастап 12,3%-ға өсу). Халыққа берілген кредиттер құрылымында тұтынушылық қарыздар 12,0 трлн теңгеге дейін 3,1%-ға ұлғайды, – деп ақпарат таратты агенттік.

Агенттіктің мәліметінше, 2024 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша Қазақстанның банк секторында 21 екінші деңгейдегі банк бар, оның ішінде 8-і еншілес екінші деңгейдегі банктер, 2 банк 100% мемлекеттің иелігінде.

2024 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша банк секторының активтері банк клиенттері салымдарының 38,5 трлн теңгеге дейін 2,8%-ға ұлғаюы аясында, негізінен өтімді активтердің 5,5%-ға немесе 1,2 трлн теңгеге өсуі есебінен биыл шілдеде 2,6%-ға немесе 1,5 трлн теңгеге ұлғайып 56,8 трлн теңгені құраған. Сондай-ақ, активтердің өсуіне банктердің несие портфелінің 32,5 трлн теңгеге дейін 1,5%-а немесе 0,5 трлн теңгеге дейін ұлғаюы ықпал еткен. 

Ипотека

Ипотекалық кредиттер 5,6 трлн теңгеге дейін 1,2%-ға ұлғайды. Тұтастай алғанда, ипотекалық кредиттеу және  тұрғын үй нарығының 2023 жылы айтарлықтай қысқарғанынан кейін 2024 жылдың басынан оның қалпына келуі байқалған. 2024 жылғы 7 айда жаңа ипотекалық қарыздар беру шамамен 1 трлн теңгені құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15,8%-ға артық. Көрсеткіштің ұлғаюы жеңілдікпен ипотекалық қарыздар беру көлемін өткен жылдың деңгейінде сақтай отырып, нарықтық жағдайларда ипотекалық қарыздар берудің өсуіне байланысты болып отыр.