×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Шетелдіктерге бала асырап алуға тыйым салынды

06.09.2024, 23:35
Шетелдіктерге бала асырап алуға тыйым салынды
Ашық дереккөзден

Қытай үкіметі шетелдік азаматтарға бала асырап алуға тыйым салды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тек қана баланы қандас туыстары бала асырап алғысы келген жағдайда рұқсат етіледі.

Бұл туралы брифингте Қытай СІМ ресми өкілі Мао Нин мәлімдеді. 

"Біз шетелдік үкіметтерге және қытайлық балаларды асырап алғысы келетін отбасыларға олардың жақсы ниеттері мен көрсеткен сүйіспеншілігі мен мейірімділігі үшін ризашылығымызды білдіреміз", – деді Мао Нин.

Тыйым қазір Қытайдан бала асырап алу процедурасынан өтіп жатқан АҚШ-тағы жүздеген отбасылар үшін белгісіздік тудырды. Билік рұқсаты бар жағдайларды қоспағанда, барлық аяқталмаған бала асырап алудың күшін жойды деп мәлімдеді.

Соңғы 30 жылда америкалық отбасылар Қытайдан 82 674 бала асырап алды, бұл басқа елдер арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Осы уақыт ішінде шетелдік отбасылар 150 мыңнан астам қытайлық баланы асырап алды.

Сонымен қатар, коронавирустық пандемияға байланысты бала асырап алу процесі 2020 жылы тоқтатылды. Елдің саяси, демографиялық және экономикалық салаларындағы кейбір өзгерістер бала асырап алу саясатының қатаңдауына әкелді. 2023 жылы АҚШ отбасылары 16 бала асырап алды. Содан бері қосымша рұқсаттар берілген берілмегені белгісіз.

Қытайдың 1979 жылы халық санының өсуіне байланысты енгізілген "бір отбасы – бір бала" саясаты көптеген отбасыларды балаларынан бас тартуға мәжбүр етті, нәтижесінде халықаралық бала асырап алу бағдарламасы пайда болды. Сонымен қатар, отбасылар көбінесе қыз балалардан бас тартты, өйткені тарихи тұрғыдан Қытайда  ұлдарға артықшылық берді. Бұл, сондай – ақ "бір отбасы-бір бала" саясатының салдары болып табылатын селективті түсік түсіру қазіргі Қытайда ерлердің әйелдерден  30 миллионнан артық болуына әкелді.