×
479.38
531.63
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.38
531.63
5.27

Ажалға айдаған мопед: Алматыда қос дөңгелектің қатысуымен тағы да жол апаты болды

07.09.2024, 00:10
Әлеуметтік желіден

6 қыркүйек күні кешке Қабанбай батыр мен Нұрмақов көшелерінің қиылысында ауыр апат болып, жүргізуші зардап шекті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Chevrolet Сobalt маркалы автокөлігі Қабанбай батыр көшесімен батыс бағытта, басты жолмен келе жатқан.

Осы уақытта мопед оңтүстік бағытта келе жатқан.

Мопедист қызыл Stop белгісін елемей, Нұрмақов көшесімен қиылысқа жүйткіп жөнелгенде, Шевролет көлігі шыға келген.

Мопед жүргізушісі көлікке құлап, ұшып түскен.

Жігіт көптеген жарақаттар алып, шұғыл ауруханаға жатқызылды.

Бұған дейін

Алматыда мопед жүргізушісі қараңғыда кедергі көрмей қалып, тұрғын үйдің қақпасына соғылған. Сол жерде тіл тартпай кеткен.

Ал өткен айдың соңында Астанада жүк көлігімен соқтығысқан мопед жүргізушісі де қаза тапқан. 

Серіктес жаңалықтары