×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанда халықтың проблемалық қарыздары көбейді

07.09.2024, 11:52
Қазақстанда халықтың проблемалық қарыздары көбейді
Ulysmedia коллажы

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (МҚҚЖҰ) портфеліндегі 90 күннен астам төлем мерзімі өткен қарыздардың (NPL90+) деңгейі 2024 жылғы 1 шілдеде 5,2%-ды құрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бұл көрсеткіш жыл басында 3,9% деңгейінде болған.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімет таратты.

“Халықтың портфелінде 90 күннен астам төлем мерзімі өткен микрокредиттердің үлесі 9,1%-ды (01.01.2024ж. – 6,5%), бизнестің портфелінде – 1,9%-ды (01.01.2024 ж. – 1,6%) құрады. Проблемалық берешектің ұлғаюы осы жылғы 1 шілдеден бастап жоспарланып отырған заңнамалық деңгейде осы әрекеттерге тыйым салуды енгізу аясында микроқаржыландыру нарығы субъектілерінің коллекторлық агенттіктерге азаматтардың берешегін сатуды тоқтата тұруына байланысты болды”, делінген агенттіктің ресми ақпаратында. 

Еске сала кетсек, коллекторлық агенттіктерге азаматтардың берешегін сатуға тыйым салу 2026 жылғы 1 мамырға дейін қолданылады.