Ұлытаудағы түзеу мекемелерінің біріне көкөніс салынған сөмкелерге салынған 30-дан астам телефонды алып өтпек болғандар қолға түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Олар 34 телефонды сотталғандарға арналған тамаққа жасырып, Қарағанды колониясына өткізбек болған.
№62 мекеме қызметкерлері сотталғандардың пайдалануына тыйым салынған заттарды жеткізу әрекетінің жолын кесті.
“Азық-түлік өнімдерін тиеу кезінде «Газель» көлігі тексерілді. Сәбіз салынған қаптардың бірінде төрт қара түсті пластик “сәлемдеме” жасырылған. Ашылған кезде 34 ұялы телефон, 11 құлаққап, 3 флэш-карта және 30 SIM-карта анықталды.
Осы факті бойынша Жезқазған қалалық полиция бөлімінің тергеу-жедел тобы шақырылды.
“Қазіргі уақытта тыйым салынған заттарды жеткізудің иесі мен мекен-жайын анықтау мақсатында жедел іздестіру шаралары жүргізілуде”, деп хабарлады Қарағанды облысы және Ұлытау облыстары бойынша Қылмыстық атқару департаментінің баспасөз қызметі.