×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Иран президенті ел астанасын оңтүстікке көшіргісі келеді

08.09.2024, 10:56
Иран президенті ел астанасын оңтүстікке көшіргісі келеді
Ашық дереккөзден

Иран президенті Масуд Пезешкиан мемлекет астанасын Тегераннан Парсы шығанағы жағалауына қарай көшіруді ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Президенттің айтуынша, елде экономикалық және саяси орталықты елдің оңтүстік жағалауына көшіргеннен басқа амал жоқ көрінеді.

Президенттің мұндай мәлімдемесін Fars агенттігі жариялады.

Пезешкиан бүгінгі таңда Тегеран бетпе-бет келіп отырған проблемаларда өзге тәсілмен шешу мүмкін емес екенін алға тартқан.

«Шикізатты оңтүстіктен және жағалаудан орталыққа жеткізіп, дайын өнім шығару және оны экспортқа шығару үшін қайтадан оңтүстікке жөнелту біздің бәсекеге қабілеттілігімізді төмендетіп отыр», деді Иран президенті.

Сондай-ақ ол қалың көпшіліктің қолдауына ие болу үшін билік алдымен өзі бірінші қадам жасауы керек екенін атап өтті.