Ниет білдірген азаматтардың бәрі аукционға қатыса алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компанияның бас директоры Қуанышбек Мұқаш аукционға сақиналар, алқалар мен сағаттарды қоса алғанда, 196 зергерлік бұйым қойылатынын хабарлады.
Порталда сауда-саттыққа қатысу e-qazyna.kz барлық тіркелген жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін. Кейбір әшекейлерді қайта бағалау аяқталғаннан кейін лоттар туралы ақпарат жалпы жұртқа жарияланады.
ҚОРҒА 176 МЛРД ТЕҢГЕ ТҮСКЕН
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Бақытбек Тәшеновтың айтуыннша, арнаулы мемлекеттік қорға 176,3 млрд теңге түскен. Басқарушы компаниядан түскен қаражат - 5,7 млрд теңге, оның ішінде активтерді сатудан 5,559 млрд теңге және активтерді басқарудан - 141 млн теңге. Арнаулы мемлекеттік қордың қаражатын бөлу орталық мемлекеттік органдардың ұсыныстарын міндетті түрде Бюджет кодексіне сәйкес республикалық бюджет комиссиясында қараумен жүзеге асырылады. Қор қаражаты әлеуметтік және экономикалық жобаларды қаржыландыруға жұмсалады.
Тәшеновтың атап өтуінше, қор қаражаты есебінен қаржыландыру үшін жобаларды іріктеу және олардың өлшемшарттарын айқындау тәртібі Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және өлшемшарттарын айқындау қағидаларында айқындалған. Осы қағидаларға сәйкес мемлекеттік органдар әзірлеген жобалар Ұлттық экономика министрлігінің экономикалық сараптамасына жататын болады. Бұдан әрі жобаларды қор қаражаты есебінен қаржыландыру мәселесін Қаржы министрлігі Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарады.