×
478.96
533.03
5.22
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.96
533.03
5.22

«Аула сыпырдым...» Қара жұмыс істеп күнелтіп жүрген өнер жұлдыздары жан сырын ақтарды

10.09.2024, 21:00

“Мақсат&Мақсат” тобының әншісі Мақсат Ынтықбаев, “Гілі-гілі” атымен танылған Ерболат Оспанқұлов сынды өнер жұлдыздары "Астарлы ақиқат" бағдарламасында қара жұмыс істеп еңбек етіп жүргендерін баяндады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қалың көпшілікке эстрада, кино жұлдыздарының гонорары, табысы мол, жағдайы өте жақсы секілді көрінеді. Бірақ олардың арасында да жұрт назарынан тасада қалғандары бар.

Олар кімдер?

Мысалы осыдан бірнеше жыл бұрын “Мақсат&Мақсат” тобымен көпшілікке танылған Мақсат Ынтықбаев қазір базарда арба сүйреп жүр. 

“Оған дейін бірнеше жерде охрана болдым. Стройкада істеп көрдім.Қарның ашады. Бала-шағаның қарны ашады. Үйде отырсаң ұрыс шығады. Тойға қарап отырсаң бала-шағам нанды кім алып береді?”- дейді Мақсат Ынтықбаев. 

Кино әлемінде “Гілі-гілі” атымен танылған актер Ерболат Оспанқұлов Қазақстанға ғана ТМД елдеріне танымал. Зейнет жасына жақындаған әртіс бүгінгі таңда Алматы облысының іргесінде күзетші болып жүр екен. 

“Таңертең келем, қабылдам алам. Күзетшімін. Тірі адам тіршілігін жасайды ғой. Шет елдің актерімен шатастырып алады-ау деп ойлаймын. Қазіргі заман әркімнің маңдайынан сипайтын заман емес. Есікті ашып жатсаң көздері табақтай болып кетеді. “Сіз актер емессіз бе?” дейді. Бізге де тамақ керек қой. Құдайға шүкір, адал еңбек етіп жатырмын. 140-150 мың табамын. Әйелім кішкене ауырып қалды,” – дейді Ерболат Оспанқұлов.

Замандасын көрген Медеу Арынбаев залда отырып көзіне жас алып, көңілі босап қалды. 

“Өнеріміздің бағаланбауы. Мәдениетіміздің төмендеп кетуі. Соның бір жағы бұл,” – деп түсіндірді Медеу Арынбаев. 

“Мен аула сыпырдым”

Ал қалың көпшілікке Абай образымен танылған Болат Әбділманов қара жұмыс істегенге арланудың қажеті жоқ деп есептейді. Танымал актердың өзі ол сатыдан өткен. 

“Зоопарк те сыпырдым. Кочегар да болып істедім. Бірінші Алматыға барып көмір түсірдім вагоннан. Анау тушаларды түсіретінбіз. Сөйтіп бала-шағамызды асырайтынбыз. Мысалы мен өзім 16 жыл үйсіз жүрдім. Осы Алматының ішінде тұрмаған жерім, тұрмаған подвалым жоқ. Бірақ мен соның бәрінде өзімді екі этажды үйім бар сияқты ұстайтынмын. Маған бір қиындық болса мен ойлаймын менің орнымды Алаш арыстары болса қалай істер еді деп. Қара жұмыс деген керісінше адамды шынықтырады. Бүкіл физикалық жағынан қуат береді. Қара жұмыс та еңбек. Бұл өнер деген ешкімге ешқандай жауап бермейді. Өнер адам бойындағы қасиеттіліктің ең асқақ үлесі дейді. Өнер бүгін көл, ертең шөл. Сенің соның бәріне дайын болуың керек,”- деді Болат Әбділманов.

Желі қолданушылары “Жұлдыздарға сәттілік”, “Қандай өкінішті...”, “Өмір сынағына сынбаған жандар” деген сынды пікірлер қалдырған.