Бұған дейін Алматыда «Меркур Тауэрс» тұрғын үй кешенінің күзетшісін ұрып-соғып, көлікпен бірнеше рет басқан экс-депутаттың ұлын тергеу тоқтатылғаны белгілі болған еді , деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Прокуратура "стационарлық байқау қорытындысы бойынша іс бойынша іс жүргізу қайта басталып, мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберіледі" деп хабарлады.
Яғни бұрынғы депутаттың ұлы стационарлық бақылаудан өткенде, іс қайта басталады.
Бұған дейін
Қала прокуратурасының мәліметінше, кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу 29 наурыз күні басталған. Алайда іс тоқтатылған.
Қазір қылмыстық қудалау органы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 45-бабының 7-бөлігінің 4-тармағы негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы шешім қабылдады», – делінген ведомство хабарламасында.
Көрсетілген бапқа сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі заңда белгіленген тәртіппен куәландырылған күдіктінің, айыпталушының психикасының уақытша бұзылуы немесе өзге де ауыр сырқаты болған жағдайда тоқтатылады.
Әкесі – экс-депутат, прокурор көмекшісі болған
Еске салайық, бұған дейін Алматыда 45 жастағы ер адам өзі тұратын тұрғын үй кешенінің күзетшісін айуандықпен өлтіргенін жазған едік. Кейін ол 14-қабаттан секірмек болған еді.
Сондай-ақ кісі қолынан қаза болған күзетшінің отбасына жылу жиналды.
Айта кетейік, күдікті XIII шақырылған ҚР Жоғарғы Кеңесінің бұрынғы депутаты (1994-1995), Талдықорған облысы прокурорының аға көмекшісі болып қызмет атқарған Саламғазы Тастандиевтің ұлы екені де айтылды.