×
457.98
490.86
5.26
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
457.98
490.86
5.26

Алматыда күзетшіні қатыгездікпен өлтірген күдікті 14-қабаттан секірмек болған

29.03.2024, 12:04
Фото: видеодан скрин

Әлеуметтік желіде Алматыдағы тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатыгездікпен өлтірген күдікті 14-қабаттан секірмек болғаны туралы видео тарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кісі өлтіру оқиғасы Самал-3, 25-шағын ауданында, «Меркурий Тауерс» тұрғын үй кешенінде болған. Полиция келген кезде күзетшіні ұрып-соққан ер адам жасырынуға тырысқан. Содан кейін 14-қабатта5ы өз үйіне көтеріліп, терезеден секірмек болған.

Полиция қызметкерлері оған бұл ойын іске асыруға жол бермей, күдіктіні ұстаған.

Бұған дейін күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын жазған болатынбыз. 

Соның салдарынан 45 жастағы ер адам күзетшіге өміріне қауіп төндіретін дене жарақаттарын салған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр, - делінген полиция хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары