Медиасарапшылар Қазақстандағы блогерлердің өз аккаунттарын ресми БАҚ ретінде тіркей бастағанына алаңдап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бүгін, 13 қыркүйекте елордада медиасарапшылардың дөңгелек үстелі өтті. Талқы барысында блогерлер тақырыбы көтерілді. Олар жақында өздерін журналист ретінде жариялай бастаған. Мысалы, Арман Юсупов, Карина Оксукпаева, Жеңіс Омаров (Zheka Fatbelly) және басқа да желідегі атақты адамдар әлеуметтік желілердегі өз парақшаларын ресми бұқаралық ақпарат құралы ретінде тіркеген.
Заңнан қашқақтай ма
"Құқықтық медиа-орталық" қоғамдық қорының заңгері Гүлмира Біржанова мұндай тәжірибе дұрыс емес екенін, Мәдениет және ақпарат министрлігі мұндаймен күресуі керектігін айтады.
– Бұл мүлдем дұрыс емес. Блогердің аккаунты БАҚ, интернет-басылым бола алмайды! - деді ол.
Заңгер блогерлер осылайша "онлайн платформалар мен онлайн жарнамалар туралы" жаңа заңның талаптарынан басын ала қашып отыр деп санайды.
– Бұл заң тек блогерлерге қатысты, олар жарнаманы белгілеп, есепке тұрып, салық төлеуі керек. Ал егер "бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заң аясында әрекет етсе, онда бұл – БАҚ. Олар өзінің жеке кәсіпкер, ЖШС ретінде салық төлейді. Бұл аз, - деп түсіндірді Біржанова.
Сарапшы сонымен қатар блогерлерді дәстүрлі БАҚ-қа берілетін "артықшылықтар" (ақпаратқа оңай және жылдам қол жеткізуді тарта алады) берілуі мүмкін екенін ескертеді.
Естеріңізге сала кетейік, Ulysmedia.kz редакциясы бұған дейін Қазақстанда қанша блогер салық төлейтінін және олардың қаншасы төлеуден жалтарып жүргенін жазған еді.