×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алтын орда хандары Рим папаларымен де хат алмасқан – француз тарихшысы

15.09.2024, 15:55
Алтын орда хандары Рим папаларымен де хат алмасқан – француз тарихшысы
Аbai.kz

Француз тарихшысы, доктор Мари Фавэро Жошы ұлысының халықаралық дипломатияға ықпалы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 Kazinform агенттігіне берген экслюзивті сұхбатында еуропалық тарихшы көптеген держава мәмлүктерті, византиялықтарды, Генуя мен Венецияны қоса алғанда Алтын ордамен де дипломатиялық қарым-қатынас жасағанын атап өтті.

“Бұл жошылықтардың күрделі кеңсесінің болғандығын көрсетеді. Бұл кеңсе мыңдаған құжатты құрады, өйткені хандар сыртқы әлеммен маңызды дипломатиялық хат алмасуды жүргізді. Бұл құжаттардың едәуір бөлігі Ресей мұрағаттарында, сондай-ақ Венецияда, Генуяда, Римде, Венада, Симферопольде, Варшавада және Ыстанбұлда сақталған. Еуропамен байланысқа келетін болсақ, жошылықтардың әсіресе Рим папаларымен арадағы қарым-қатынасы туралы жазбалар қызықты. Оның үстіне, сол кезде Алтын ордамен және оның ішінде қарым-қатынастың барлық түрін жеңілдету үшін итальяндық көпестер, францискандық және доминикандық монахтар жазған сауда-саттық анықтамалықтары мен көптілді глоссарийлер таратылды”, дейді тарихшы.

Сондай-ақ ол Алтын орда Еуразия тарихына ықпал еткенін және жошылықтардың Ресейдің тарихи дамуына, Орталық Азиядағы исламның таралуына және Еуразияның экономикалық интеграциясына көп әсер еткенін де атап өтті.