×
484.11
528.79
5.03
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
484.11
528.79
5.03

Дональд Трампқа тағы да қастандық жасалмақ болды

Дональд Трампқа тағы да қастандық жасалмақ болды
Фото: REUTERS

АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трампқа тағы да қастандық жасала жаздады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Трампқа қауіп төніп тұрған жоқ

New York Post басылымы таратқан мәліметке сәйкес, АҚШ-тың құпия қызметі Дональд Трамп Флорида штатындағы Вест-Палм-Бичтегі гольф-клубынан шығып бара жатқан кезде бұталар арасынан әлдекімді байқап, атыс басталған. 

Өкілдер палатасының мүшесі Марджори Тейлор-Грин қазіргі уақытта Трампқа ешқандай қауіп төніп тұрмағанын айтты. 

Трамп оның маңайында болған атыстан соң қауіпсіз жерге орналастырылды. Әзірге басқа ақпарат жоқ, - деп жазды Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында Марджори Тейлор-Грин. 

Бұған дейін де шабуыл болған

Еске салсақ, АҚШ-та 13 шілде күні президенттікке кандидат әрі елдің бұрынғы президенті Дональд Трамптың Пенсильвания штатында өтіп жатқан сайлауалды үгіт-насихат митингі кезінде оған қастандық жасамақ болған еді. Кейін экс-президентті кім атқаны анықталған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа жасалған қастандық жайлы жаңалыққа бейжай қарамай, пікірін білдіріп, оқиғаны қатаң айыптаған.

Оқи отырыңыз: АҚШ-тағы президент сайлауы: атылған құлақ жеңіс кепілі ме