×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Түркістан облысында анасы мен қызын өлтіріп кеткен

16.09.2024, 19:01
Түркістан облысында анасы мен қызын өлтіріп кеткен
ашық дереккөз

Түркістан облысында анасы мен оның кәмелетке толмаған қызын жауыздықпен өлтіріп кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
 

КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті ізін суытпай ұсталып, қамауға алынды.

Қазіргі уақытта жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды. Полиция азаматтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады, - деді Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Асылжан Қалдарбеков.

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ

Әзірге толық ақпарат жоқ, ал қыз қайтыс болғанға дейін зорланған деген қауесеттерге полиция зорлау фактісі болған жоқ деп жауап берді.

Әлеуметтік желіде күдікті мұғалім болып істегені туралы ақпарат тарады. Облыстық білім басқармасы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.

Келес ауданында болған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдарынына байланысты өзге ақпараттар жария етуге жатпайды. Ресми жауапты құзырлы органдар береді. Білім басқармасы тарапынан “Күдікті” деп танылған азаматтың білім саласында қызмет етпейтінін мәлімдейміз, - деді ведомство.