Алматының білім басқармасы оқушылардың қазасына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘЛІМДЕМЕ МӘТІНІ
Алматы қаласының білім басқармасы оқиғаның мән-жайын зерделеу үшін арнайы комиссия құрылғанын хабарлады.
"Комиссия оқиғаның себептері мен жағдайларын анықтау үшін тиісті мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тартып, жұмыс істейді", — делінген ведомствоның ресми мәлімдемесінде.
БҰҒАН ДЕЙІН
Тұрғын үй кешенінің маңындағы асфальттан оқушы қыздардың мәйіті табылған. Оқиға куәгерлері төтенше жағдайлар қызметіне хабарлаған. Қайғылы оқиға орнына жедел жәрдем дәрігерлері мен полиция қызметкерлері жеткенімен, балаларды аман алып қала алмаған.
Аталған жағдайға Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жауап берді.
Бұл дерек бойынша Алмалы аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
КІМНІҢ ҚЫЗЫ
Қайтыс болған қыздардың бірі эко-сарапшы Евгений Мұхамеджановтың қызы екені анықталды.
Біздің қызымыз қайтыс болды. Шатырдан құлады. Бұған дейін қала бойынша көптеген баланың шатырдан құлағаны белгілі. Біз оқиғаның видеосын күтеміз. Қаладағы үйлердің шатырына шығу ашық-шашық жатыр, - деді ол Ulysmedia-ға.
Евгений Мұхамеджанов — Қазақстандағы танымал эко-сарапшы, ECO Network жобасының негізін қалаушы және азаматтық белсенді.