×
480.63
535.13
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.63
535.13
5.27

Екі бала, екі ересек адам: 4 адамның өмірі жол апатынан қиылды

17.09.2024, 01:15
Ашық дереккөзден

Lexus маркалы көліктің жүргізушісі басып озу кезінде тізгінге ие бола алмай қарсы келе жатқан автокөлікке соғылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАЙДА БОЛҒАН?

Жол апаты Қостанай облысы Жангелдин ауданы Торғай ауылының маңындағы Торғай-Арқалық автожолының 17-ші шақырымында болған.

ҚАЛАЙ БОЛҒАН?

Алдын ала мәліметтер бойынша, 38 жастағы Lexus жүргізушісі алдындағы көлікті басып озбақ болып, көлікті басқара алмай қарсы шыққан “Газельге” соқтығысқан.   

4 АДАМНЫҢ ҚАЗАСЫ

Оқиға салдарынан жүргізуші мен екі Lexus жолаушысы оқиға орнында жан тапсырған. Оның екеуі бала.. Тағы бір жолаушы ауруханада қайтыс болды.

БҰҒАН ДЕЙІН

Жуырда Маңғыстау облысында жол-көлік апаты болып, екі көлік өртеніп кеткен еді. 

Ал Ақтау қаласына жақын маңда болған жол-көлік апатынан кейін ауруханаға жеткізілген екі қыздың жағдайы ауыр екенін хабарлағанбыз.