×
490.84
536.88
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
490.84
536.88
5.04

Грузия парламенті ЛГБТ насихатына тыйым салды

17.09.2024, 18:25
Грузия парламенті ЛГБТ насихатына тыйым салды
дереккөз

Грузия парламенті елдегі "ЛГБТ насихатына" тыйым салу туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы publika басылымы мен жергілікті телеграм-арналар жазды.

ЕШКІМ ҚАРСЫ ШЫҚПАҒАН ЗАҢ

84 депутат "отбасылық құндылықтар және кәмелетке толмағандарды қорғау туралы" құжаттар пакетіне дауыс берді, оған ешкім қарсы болған жоқ. 

Заң жобасына сәйкес, Грузияда ЛГБТ+ адамдарына некеге тұруға және бала асырап алуға, трансгендерлік жыныс ауыстыру бойынша операция жасауға және құжаттардағы гендерлік маркерді өзгертуге, сондай-ақ мектептер мен БАҚ-та ЛГБТ+ туралы айтуға тыйым салынады. Сонымен қатар, депутаттар соңғы жылдары гомофобтардың шабуылына ұшыраған танымал "абыройлы шерулер" мен фестивальдерді қоса алғанда, ерекше тақырыптағы кездесулерге тыйым салды.

СЫННАН ҚОРҚАР ГРУЗИНДЕР ЕМЕС

Заң жобалары Грузия кіретін Еуро Одақта қатты сынға алынды. Халықаралық ұйымдар да қолданыстағы заң жобалары елдегі ЛГБТ+ кемсітушілігіне ықпал етеді деп алаңдайды.

Грузия президенті Саломе Зурабишвили заң жобасына вето қояды деп күтілуде, бірақ билеуші "Грузин арманында" оны жеңуге жеткілікті орын бар. Парламенттің жаңа сайлауы Грузияда 26 қазанда өтеді. Сауалнамаларға қарағанда, "Грузин арманы" тағы да көш бастап тұр.