Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Арменияның егемендігіне қауіп төндіріп тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Арманияның премьер-министрі Никол Пашинян жалпы армян форумында мәлімдеді.
Біз барлық келісімдерді тоқтаттық. Себебі ұйым өз міндеттемелерін орындаған жоқ. Тіпті біздің елдің егемендігіне қауіп төндіріп тұр, - деді ол.
Еске сала кетейік, ресми Ереван қауіпсіздік ұйымынан шығу туралы ұстанымын маусым айында айқындаған болатын.