Қазақстан құрамасының боксшысы Санжар Тәшкенбай Қытайдың Гуйян қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қазақстандық былғары қолғап шебері 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды.
Финалда Тәшкенбай Өзбекстан өкілі Асылбек Жалиловты төрешілердің тең бөлінген шешімімен жеңді.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында төрт алтын медаль бар.
Бұған дейін Назым Қызайбай (54 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін) және Абылайхан Жүсіпов (70 келіге дейін) өз салмақ дәрежелерінде чемпион атанған еді.