×
484.11
528.79
5.03
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
484.11
528.79
5.03

«Қазпошта» мен «Даму» қоры шағын бизнеске қалайша көмектеседі

18.09.2024, 17:31
«Қазпошта» мен «Даму» қоры шағын бизнеске қалайша көмектеседі

Астанада «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен Partnership Home алғашқы тапсырыс беру пункті салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл айтулы оқиға «Қазпошта» АҚ мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қою аясында мүмкін болды. Құжатқа қол қою – Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту жолындағы маңызды қадам.

«Қазпошта» АҚ электрондық сауда және логистика саласында инновацияларды белсенді енгізуде. Қытайдың жетекші логистикалық компанияларымен ынтымақтастық сәлемдемелерді беру көлемін едәуір ұлғайтуға септігін тигізеді.

Бұл табыс «Қазпошта» АҚ-ны ел бойынша ыңғайлы және қолжетімді жерлерде орналасатын QazPost брендімен жаңа тапсырыс беру пункттерін құруға жігерлендірді. Бүгін астаналық «Halyk Market» минимаркеті қазақстандық кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын «Даму» қорымен бірлескен жобаның басталуына айналған «Қазпошта» АҚ-ның бірінші іскер серіктесі болды.

«Біздің мақсатымыз – сәлемдемелерді алу процесін барынша ыңғайлы және жылдам ету, сонымен бірге серіктестеріміздің бизнесінің қарқындауын ынталандыру. Біз серіктестеріміздің әрбір сәлемдемеден және клиенттер ағынының ықтимал ұлғаюынан пайда табуын көздейміз. Біз үшін келісім – жай ғана құжат емес, кәсіпкерлік өркендеуі мүмкін жағдайлар жасауға деген ұмтылысымыздың көрінісі», – Әсел Жанасова, «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы. 

Компания клиенттер жаңа сервистің ыңғайлы әріқарапайым екенін бағалайды деп үміттенеді. Осындай беру пункттерін аша отырып, «Қазпошта» АҚ көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді жеңілдетіп қана қоймай, шағын бизнеске өсу мен даму үшін жаңа құралдарды ұсына отырып, оны қолдауға ұмтылады.