Павлодар облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы "Майқайыңалтын" АҚ аумағындағы автобус апаты бойынша істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТЕРГЕУДІ КІМ ЖҮРГІЗЕДІ?
Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ("екі немесе одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігі қағидаларын бұзу") өңірлік полиция департаментінің тергеу басқармасы жүргізеді.
Сондай-ақ, 18 қыркүйекте Павлодардың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына істің алты қатысушысына қатысты материалдар келіп түскені белгілі болды.
ОЛАР КІМДЕР?
Олардың арасында басшылық құрамның өкілдері бар. Олар:
Олардың барлығы бұрын топтық жазатайым оқиғаны тергеу актісі бойынша жауапты адамдар ретінде танылған.
Барлық айыпталушылар үшін сот бұлтартпау шарасы ретінде үй қамағына алуды бекітті.
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ
4 қаңтарға қараған түні Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың кентінің маңындағы "Майқайың алтын" шахтасының аумағында түтін шығып, сол жаққа аттанған құтқарушылар мінген автобус кен топырағы опырылған шұңқырға құлап кеткен. Автобуста ПВАССС РО Павлодар филиалының үш құтқарушысы мен жүргізуші болған. 2024 жылдың сәуір айында Астана соты "Майқайың алтын" АҚ кеніштегі қайғылы оқиғаға толық кінәлі деп таныды. Майқайыңың маңы алтын, көмір кен орындарын қазу салдарынан толған ойықтар мен шахталар.