×
487.37
532.94
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.37
532.94
5.09

Қазақстанда кейінгі 20 жылда 1404 ауыл жойылып кетті

19.09.2024, 12:57
Қазақстанда кейінгі 20 жылда 1404 ауыл жойылып кетті
ашық дереккөзден

Сенатор Серік Шайдаров ауылдық аймақтар экономикалық дамуда артта қалғанын атап өтті. Ол депутаттық сауалында ауылдық аймақтар экономикалық дамуда артта қалғанын, өмір сүру сапасының төмендеп бара жатқанын және ауылдардың жойылып кетуіне әкеліп соғатын проблемаларды атап өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖАЙЛЫ 

Депутат «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына да тоқталды. 2019 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ол ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсартуды көздейді. 2014-2023 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 524 миллиард теңге бөлініп, 1800 ауылда 5 мыңнан астам жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік туған. Дегенмен, сенатордың айтуынша, бағдарламада тұрақты жұмыс орындарын ашу көрсеткіші жоқ, бұл ауылды дамытудың әлемдік тәжірибесіне қайшы келеді. Мұнда табыс деңгейі мен жұмыссыздық сияқты экономикалық көрсеткіштер басты рөл атқарады.

ЖОЙЫЛҒАН АУЫЛДАР

Сенатордың айтуынша, ол елімізде соңғы 20 жылда 1404 ауылдың жойылып кеткенін, бұл ауылдық аймақтарға қатысты мемлекеттік саясатты қайта қарау қажеттігін алға тартты.

«Мемлекеттік қолдаудың қатысуымен бөлінетін барлық несиелерді «Ауыл – ел бесігі» бойынша ауылдық елді мекендерді қаржыландырумен байланыстыру және негізгі индикаторды осы ауылдық елді мекендердегі салалар бойынша жалпы қосылған құнның жыл сайынғы өсуіне мониторинг жүргізе отырып, жаңа тұрақты жұмыс орындарының ашуды айқындау ұсынылды. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, неге инфрақұрылымға миллиардтаған сома құйылатын ауылдық елді мекендерде бөлінген несиелер мен бизнес ашу бойынша талдау жоқ деген сұрақ туындайды», - дейді ол.

Депутат «Ауыл – ел бесігі» жобасының мақсаты – осы ауылдардағы экономикалық өсу өлшемі арқылы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту екенін айтады. Іс жүзінде бюджет қаржысын әдеттегідей игеру жүріп жатыр, ал тұрақты жұмыс орындары ашылмаса мемлекет салынған қаржыдан тиісті нәтиже ала алмайды дейді ол.

Сенатордың ұсынысы ауылдық өңірлерде экономикалық дамуға және жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашуға баса назар аудара отырып, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына кешенді талдау жүргізу қажеттігіне негізделеді. Депутат «Ауыл аманаты» бағдарламасын үлгі ете отырып, ауыл тұрғындарына ӘКК арқылы несие беруді де ұсынды. Себебі, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша жобаларды жергілікті атқарушы органдар қалыптастырып, ауылдарда жұмыс орындарын ашуды және инфрақұрылымды дамытуды үйлестіруді ұсынып отыр.