×
490.84
536.88
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
490.84
536.88
5.04

Атышулы іс. Иелерін өлтіріп, пәтерлерін сатып жібергендерге қатысты сот отырысы өтті

20.09.2024, 17:44
Атышулы іс. Иелерін өлтіріп, пәтерлерін сатып жібергендерге қатысты сот отырысы өтті
ашық дереккөз

Алматыда психикалық науқастарды ұрлап, өлтіріп, пәтерін арзанға сатқандарға қатысты кезекті сот отырысы өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

22 КҮДІКТІ

Алматы арнасының мәліметінше, атышулы іс бойынша 22 адам күдікті бар. Бүгін қаладағы қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық сотында судья айыпталушыларды тыңдап шықты. Қос тараптың қорғаушылары сұрақ қоюға мүмкіндік алды. Сотталушылардың арасында Психологиялық сауықтыру орталығының бұрынғы бөлім меңгерушілері, құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері, нотариустар, жылжымайтын мүлік агенттік өкілдері бар. 

ҰЗАҚ ЖЫЛ ЖОСПАРЛАНҒАН

Пәтерінен айырылып қалған жәбірленушілердің туыстары ұйымдасқан қылмыстық топ ісін жылдар бойы жоспарған деп санайды.

Газетті оқып отырып, пәтердің сатылып, мұрагерлерді іздеп жатқаны жайлы ақпарат көрдім. Атамыз баласының қолында болған, соңғы жылдары кездеспей, хабар үзіп қалдық. Менің қызым – оның тікелей мұрагері. Осы хабарламаны көріп, мәселені қолға алып, құжат жинап жүргенде, пәтердің белгісіз біреулерге сатылып кеткенін білдік, – деді жәбірленуші тарап Татьяна Фирстова.