×
484.11
528.79
5.03
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
484.11
528.79
5.03

Семейде аурухана лифті үзіліп 59 жастағы азамат шахтаға құлап кеткен

20.09.2024, 20:30
Семейде аурухана лифті үзіліп 59 жастағы азамат шахтаға құлап кеткен
Әлеуметтік желіден

Оқыс оқиға 18 қыркүйек күні Бәйтерек ауданы Дарьинское кентіндегі ауруханада болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

59 жастағы Виктор есімді азаматтың жағдайы ауыр. Бұл туралы жәбірленушінің туыстары айтты. Негізі жәбірленуші башпайын кестіріп тастауға дайындалып жатқан.

“Викторды ота жасау үшін аудандық аурухананың хирургия бөліміне жатқызған. Екі күннен кейін ол басқа науқастармен бірге түсте темекі шегуге шыққан. Оның демікпесі болғандықтан, қайтар жолда ол лифтпен көтерілуге шешім қабылдаған. Лифт есігін ашып, ары қарай шахтаға құлап кеткен. Ол жақ қап-қараңғы болыпты. Алдымен есінен танып қалып, содан кейін көмекке шақыра бастаған. Оның тірі қалғанының өзі бір таңғажайып. Оқиғадан кейін бірден ауырсынуды басатын дәрі салып, әлдебір форма киген адам “ауруханаға шағымым жоқ” деп қол қою үшін оған парақты ұсынған. Қалай? Бұл сұмдық қой", - деді жәбірленушінің туысы.

Содан кейін оны жедел жәрдеммен Оралдағы ауруханаға жеткізген. Онда ол ауыр жарақат алғаны анықталды. Екі аяғы мен қолы сынған. Сондай-ақ басынан жарақат алған.

“Бұл аудандық ауруханадағы пациенттермен бірінші рет болып тұрған жоқ. Науқастардың туыстары ауруханаға келеді. Лифт шахтасына кез келген адам құлап кетуі мүмкін. Бір ажалдан аман қалдық. Бірақ әлі ұзақ емделу керек. Онсыз да ол үшінші топтағы мүгедек,” - дейді туыстары.

Ер адамның туыстары осы немқұрайлылық үшін кінәлі адамды соттауға және жазалауға ниетті. 

Бәйтерек ауданының екінші ауруханасының директоры Ғабитжан Ислямов болған оқиғаны түсіндірді.

“Науқас ұйықтар алдында темекі шегуге шыққысы келген. Медбикелер қарсы болғанымен ол басқалармен бірге сыртқа шығып кеткен. Қайтар жолда ол пациенттерге арналмаған жүк лифтімен үшінші қабатқа көтерілгісі келген. Біз қауіпсіздік камераларын көрдік, бұған дейін ол ұлымен бірге лифтпен көтерілгені белгілі болды. Онда "жүк лифті" деген белгі бар. Бірақ адамдар бұған назар аудармайды. Ол шахтаға құлағаннан кейін, бірден көмек көрсетіліп, жедел топ шақырылды. Ер адам бізге ешқандай шағым жоқ деді", - деді аурухана директоры.

Директор шара қолданып, аурухана қызметкерлері оны неге темекі шегуге жібергенін анықтайды деп сендірді.