×
484.11
528.79
5.03
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
484.11
528.79
5.03

«Іш киіміне жасырған»: Астанада әйел Тергеу изоляторында отырған баласына ақша бермек болған

«Іш киіміне жасырған»: Астанада әйел Тергеу изоляторында отырған баласына ақша бермек болған
Фото: NUR.KZ

Астанада Түркістан облысының тұрғыны тергеу изоляторында отырған баласына іш киіміне 7 мың теңге жасырып өкізбек болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Аталған факт бойынша алынған түсініктеме кезінде азаматша ақшаны сақтау ұяшығына салуды ұмытып кеткенін айтқан. Осы факт бойынша тергеліп жатқан анаға қатысты ҚР ӘҚБтК 481-бабында көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды (ҚАЖ мекемелерінде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттарды, бұйымдар мен заттарды беру).

Естеріңізге сала кетейік, қолданыстағы заңнамаға сәйкес күдіктілер мен айыпталушыларға заң талаптарына сәйкес сақтауға және пайдалануға тыйым салынған заттарды, азық-түліктерді өздерімен бірге алып жүруге, сондай-ақ оларды, оның ішінде ақшалай қаражатты сақтауға және пайдалануға тыйым салынады. Күдіктілер мен айыпталушыларға тыйым салынған заттарды тексеруден жасыру немесе беру, белгіленген ережелерге қарамастан, заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады, - деп атап өтті Тергеу изоляторының бастығы Санат Рамазанов.