×
490.84
536.88
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
490.84
536.88
5.04

Петропавлда әскери қызметкер көз жұмды: оның денесі жертөледен табылған

21.09.2024, 19:33
Петропавлда әскери қызметкер көз жұмды: оның денесі жертөледен табылған
Ашық дереккөзден

Петропавлда келісім-шарт бойынша әскери қызметкер көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

- Биыл 21 қыркүйекте Петропавл қаласындағы үйлердің бірінің жертөлесінде Қорғаныс істері Басқармасының келісімшарты бойынша әскери қызметшінің денесі табылды. Алдын ала ақпарат бойынша, келісімшарт бойынша әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде өзіне-өзі қол жұмсаған. Оқиға орнында суицид туралы жазба табылды. Себептері мен жағдайлары анықталуда, – делінген ведомствоның хабарламасында.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.

АРМИЯДАҒЫ ӨЛІМ

Кейінгі жылдары «армияда көз жұмды» деген бір сарбаздың топырағы суымай жатып, екіншісі жан тапсырып жатыр. Бірнеше күн бұрын «Оймаша» полигонында оққа ұшқан әкенің «жалғыз ұлымнан айырылдым» деп шырылдаған үні бүкіл қоғамды тағы дүр сілкіндіріп, осы үрейді үдете түскен. Ал таяуда Қорғаныс министрлігіне қарасты Абай облысы Аягөз ауданында орналасқан 10810 әскери бөлімінде жоғары оқу орнын бітіріп, әскери кафедрадан кейін барған әскери қызметкер көз жұмды.