Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында жол апаты үш адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚАРСЫ ЖОЛАҚҚА ШЫҚҚАН
Zeekr 001 спорттық электромобилінің жүргізушісі Талғар-Есік автожолында қарсы жолаққа шығып, Daewoo Matiz автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Daewoo Matiz-дегі екі жолаушы сол жерде қайтыс болды. Жүргізуші есін жимастан аудандық аурухананың реанимация бөлімінде қайтыс болды.
ПОЛИЦИЯ АҚПАРАТЫ
Жол апаты фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Zeekr 001 жүргізушісі қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.
Аймақ полициясы барлық жүргізушілерді жылдамдық режимін, жол қауіпсіздігі талаптарын мүлтіксіз сақтауға және ҚР Жол ережелерін бұзбауға шақырады.