Telegram ережелерді бұзған пайдаланушылардың IP мекенжайлары мен телефон нөмірлерін ашады. Бұл туралы месседжердің негізін қалаушы Павел Дуров мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
ҚҰПИЯЛЫҚ САЯСАТЫ КҮШЕЙЕДІ
Telegram өзінің құпиялылық саясатын күшейтеді және қызмет ережелерін бұзған пайдаланушылардың IP мекенжайлары мен телефон нөмірлерін аша алады. Павел Дуровтың айтуынша, Telegram қолданбадағы іздеу қауіпсіздігін жақсарту үшін шаралар қабылдаған, бірақ кейбір пайдаланушылар бұл мүмкіндікті заңсыз тауарларды сату арқылы теріс пайдаланып жатыр.
ДУРОВ НЕ ДЕЙДІ
"Бұл шаралар қылмыскерлерді қорқытуы керек. Telegram заңсыз тауарларды сатуға емес, достар мен жаңалықтарды табуға арналған. Біз бірнеше мың зиянкестердің біздің платформамыздың тұтастығына миллиардқа жуық пайдаланушыға қауіп төндіруіне жол бермейміз", – деді Павел Дуров.
ДУРОВ ІСІ
Еске сала кетсек, 26 тамызда Париж прокуратурасы Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровқа айып тағылғанын хабарлады. Іс 8 шілдеде ашылған, онда «аты белгісіз адамға» қатысты 12 қылмыстық іс бар. Тағайындалған айыптардың ішінде билік органдарымен ынтымақтастықтан бас тарту, кәмелетке толмағандардың порнографиялық суреттерін иелену және таратуға қатысу, сондай-ақ есірткі құралдарын сатып алуға, тасымалдауға, сақтауға, өткізуге немесе беруге қатысу және т.б.
Мессенджердегі мазмұнды модерациялау мәселесіне байланысты Парижде қолға түскен Telegram негізін қалаушы Павел Дуров дипломаттардың көмегінен бас тартқан еді.
Арада бірнеше күн өткенде пайдаланушылардың құпиялылығын қорғау принципін ұстанып танымал болған Павел Дуров француз құқық қорғау органдарына деректерді ұсына бастады. Бұл өзгеріс Дуровтың өзін ұстағаннан кейін болды, бұл оны Telegram-ды күдікті пайдаланушыларды анықтау үшін ақпарат бере отырып, күш құрылымдарымен байланыс орнатуға мәжбүр етті.