×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

ІІМ тексерген: Жамбыл облысында полиция басшысы төрт орынбасарымен қызметінен кетті

ІІМ тексерген: Жамбыл облысында полиция басшысы төрт орынбасарымен қызметінен кетті
Фото: : Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Арманбек Баймурзиннің төрт бірдей орынбасары мен Өзіндік қауіпсіздік басқармасының басшысы да жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ІІМ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗГЕН

Мемлекет басшысының "Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауында есірткі қылмысына қарсы күресті күшейту және "заң мен тәртіп" қағидатын нығайту бойынша берген тапсырмасын іске асыру аясында, сондай-ақ Жамбыл облысы полиция департаментінде жүргізілген ІІМ инспекторлық тексеру қорытындысына сәйкес бірқатар кадрлық тағайындау жүргізілді, – делінген хабарламада.

КІМДЕР ҚЫЗМЕТТЕРІМЕН ҚОШ АЙТЫСТЫ

Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин және оның орынбасарлары Құрмет Мажикенов, Нұржан Рахметуллаев, Қанат Сматов, Бауыржан Удергенов, сондай-ақ ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Алмас Қожашев қызметінен босатылды.

ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІН КІМ БАСҚАРАДЫ

Облыстық полиция ведомствосының жаңа бастығы болып бұрын Көліктегі полиция департаментін басқарған Бақытжан Малыбаев тағайындалды.

ПД бастығының бірінші орынбасары қызметіне Мақсат Қанапяев, ал орынбасарлары болып Бауыржан Жанаев, Жайдарбек Құттыбаев және Мұхтар Аманбеков тағайындалды. Ішкі істер министрлігі полиция жұмысын оңтайландыру және оның тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдауды жалғастырады.