×
487.17
565.65
6.72
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.17
565.65
6.72

Air Astana-ның экс-басшысы жаңа қызметке тағайындалды

Бүгін, 18:15
Air Astana-ның экс-басшысы жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Air Astana

Air Astana компаниясының бұрынғы басшысы Питер Фостер жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Толығырақ 

Питер Фостер олигарх Тимур Турловтың компаниясында жұмыс істейді. Ол Alatau Air Cargo жүк авиакомпаниясының жаңартылған директорлар кеңесіне тәуелсіз директор ретінде кірді. Alatau Air Cargo бұрын KTZ Air Cargo атауымен белгілі болған. Компания 2026 жылғы 22 мамырда өткен акционерлердің жалпы жиналысынан кейін ауқымды қайта құрылымдау туралы шешім қабылданған соң ребрендинг жасаған.

Атауы өзгергеннен бөлек, компанияның жарғысы мен заңды мекенжайы да ауыстырылды, ұйым Астанадан Қарағанды облысына көшірілген. Небәрі төрт ай бұрын бекітілген бұрынғы директорлар кеңесінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылып, басқару құрамы толық жаңартылды. Бұл туралы NBK деректерінде айтылған.

Жаңартылған директорлар кеңесін қазақстандық кәсіпкер Тимур Турлов басқарады. Оған қоса кеңес құрамына Питер Фостер, Ерлан Қойшыбаев, Сергей Швалов, Айбек Қапар және екінші тәуелсіз директор Сергей Анашкин енгізілген.

Air Astana-дағы қызметі

Питер Фостер 2026 жылғы 31 наурызда Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры қызметінен кеткен. Оның орнына  Ибрахим Жанлыел келді.

Сонымен бірге Фостер компания құрылымында аға кеңесші ретінде қалатыны хабарланды. Ол әуе компаниясын 21 жыл басқарған. Осы уақыт ішінде Air Astana елдегі ең ірі әуе тасымалдаушылардың біріне айналды.

Компания айналасындағы дау

2026 жылдың басында FlyArystan лоукостері бойынша 1 миллиард теңгеден астам қаражаттың жымқырылуына қатысты сот процесі кезінде компанияның ішкі хат-хабарлары жарияланып кеткен. Материалдарда жеңілдігі бар билеттер шектеулі адамдар тобына арнайы жабық жүйе арқылы берілгені туралы мәліметтер көрсетілген. Сондай-ақ топ-менеджердің жұбайы Татьяна Фостердің де мұндай тарифтерді пайдаланғаны айтылған.

Питер Фостер қызметі бұған дейін де парламент деңгейінде сынға ұшыраған. Депутаттар компанияны билет бағасын негізсіз көтеру, рейстердің кешігуі және овербукинг
тәжірибесі үшін бірнеше рет сынға алған.

Серіктес жаңалықтары