«Астана Тазалық» ЖШС самосвалды жалға алу қызметтеріне 752 млн теңгеден астам қаржы жұмсамақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚазТАГ-тің мәліметіне қарағанда, тапсырыс беруші – «Астана Тазалық» ЖШС; атауы - услуги по аренде грузовых автомобилей («жүк көліктерін жалға алу қызметтері», қазақ тіліндегі хабарландыруда лоттың атауы орыс тілінде жазылған – ҚазТАГ); қосымша сипаттамасы - самосвал жүк көтергіштігі 7-13 т.; саны - бір; өлшем бірлік - бір қызмет; жоспарлы сома - 752 220 000 теңге, - делінген мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 16 қыркүйекте басталған, 1 қазанда аяқталады.
Жүк көтергіштігі кемінде 7 тонна және 13 тоннадан аспайтын самосвалды жалға алу қызметтері, GPS навигациялық бақылау қондырғысымен, техникалық жөндеулі қалыпта, - деп қызметтің техникалық ерекшелігінде жазылған.