Тамыз айының соңғы күндерінде елімізде күн күрт суытады. Елдің солтүстігі мен шығысында түнде жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін, ал кей жерлерде ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жаздың соңында қар жаууы мүмкін
Синоптиктердің 29-31 тамызға арналған болжамына сәйкес, атмосфералық фронттар Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, қатты жел және бұршақ әкеледі. Кезең соңында солтүстік пен шығыста түнде жаңбыр аралас қар жаууы ықтимал.
29 тамызда Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстарында нөсер жаңбыр жауады. Ал 30-31 тамызда қолайсыз ауа райы Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына ауысады.
Солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлердің тұрғындары күннің күрт суытқанын ерекше сезінеді. Мұнда түнгі ауа температурасы 0…+5 градусқа дейін төмендейді. Кей жерлерде кезең соңында −3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Күндіз ауа температурасы небәрі +10…+15 градус болады.
Шығыста түнде +5…+10, күндіз +15…+25 градус аралығында болады.
Қай өңірлерде күн ыстық болады
Қазақстанның оңтүстігінде күн әлі де жылы болады. Мұнда түнде ауа температурасы +10…+20, күндіз +25…+35 градусқа дейін жетеді.
Елдің батысында да күн жыли түседі. Күндіз ауа температурасы +25…+30 градус болады. Маңғыстау облысында +35 градусқа дейін ыстық сақталады. Бұл өңірде негізінен жауын-шашын жаумайды.
Сонымен қатар батыс, солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.