Израиль Ливанға кезекті рет ауыр соққы жасады. Мыңдаған ливандық елдің оңтүстігіндегі үйін тастап, Сирияға қарай бет алды. Ливанда қаза тапқандар саны 600-ге жуықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. NBC агенттігіне сілтеме жасап.
ЕКІ МЫҢДАЙ АДАМ ЖАРАЛАНҒАН
24 қыркүйекте түстен кейін Израиль Бейрутқа тағы бір әуе шабуылын жасады. Ливан Денсаулық сақтау министрлігі 560-қа жуық адам қайтыс болғанын хабарлады. Бұл құрбандардың қаншасы террорист болғаны анықталмаған. Екі мыңға жуық адам жарақат алды.
ЕҢ АУҚЫМДЫ БОМБАЛАУ
Бұл - Израильдің 2006 жылы Хезболламен 34 күндік соғысынан кейінгі ең қауіпті израильдік бомбалау.
КОМАНДИРДІҢ ТАҒДЫРЫ БЕЛГІСІЗ
Бейрутқа жасалған IDF соққысының мақсаты - "Хезболла" зымыран бөлімінің командирі болды. Оның тағдыры әзірге белгісіз, деп хабарлады The Times of Israel басылымы әскери ортадағы дереккөздерге сілтеме жасап.
“ХЕСБОЛЛАНЫҢ ЖАУАБЫ”
Өз тарапынан Хезболла содырлары 24 қыркүйекке қараған түні және сол күні таңертең Израильдегі сегіз нысанаға зымыранмен шабуыл жасағанын, соның ішінде Ливан шекарасынан 60 шақырым жерде орналасқан Зихрон-Яаков қаласындағы жарылғыш заттар шығаратын зауытқа шабуыл ұйымдастырғанын айтты.
“СОҒЫСҚА АЙНАЛУЫ МҮМКІН”
Израиль әскерилері енді "толық күшпен" әрекет ететіндерін мәлімдеді, ал Хезболла шекара арқылы жаңа атыс бастады.
"Жанжал толыққанды аймақтық соғысқа айналуы мүмкін", - дейді сарапшылар.
ВАШИНГТОН ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТЫР
Вашингтон америкалықтарды эвакуациялауға көмектесу үшін әскер жіберуге дайындалып жатыр, Ливандағы ондаған халықаралық рейстер тоқтатылды.