Тағайындау туралы жарлыққа президент қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ӨКІМ
“Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Серікұлы Сарқұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды” делінген Ақорда хабарламасында.
ҰҚК-дегі ауыс-түйіс
23 қыркүйек күні ҰҚК-нің қос орынбасары алмастырылған. Марат Қабиденұлы Жұмабаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымына тағайындалған. Ол Асқар Баймерденұлы Әмірхановты алмастырды. Сонымен қатар, Алмас Тілепбергенұлы Наймантаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары атанды. Ол Бақытбек Жамалбекұлы Қосжановтың атқарған лауазымдық қызметке барған.
ҰҚК-ні кім басқарады
Ұлттық қауіпсіздік комитетін 2022 жылдың қаңтарынан бастап Ермек Сағымбаев басқарады. Ол бұл лауазымға Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған Кәрім Мәсімовтың орнына келді. Мәсімов мемлекетке опасыздық жасағаны, билікті асыра пайдаланғаны, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, билікті күштеп басып алу әрекеті үшін кінәлі деп танылды. Ол 18 жылға бас бостандығынан айырылды.