Қазақстанның Ливандағы елшілігі сол жердегі қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ливандағы шиеленістің күшеюіне байланысты Ливандағы Қазақстан азаматтарын қажетті сақтық шараларын сақтауға, атап айтқанда, жергілікті биліктің барлық нұсқамаларын қатаң орындап, қозғалысты барынша азайтуға шақырады.
– Ливанның оңтүстігінде және Бекаа алқабында тұратын азаматтарға жағдай қалыпқа келгенге дейін елдің салыстырмалы түрде қауіпсіз орталық және солтүстік аймақтарына уақытша көшуді немесе Ливаннан кетуді қарастырған жөн. Коммерциялық рейстер әлі жүріп жатыр, - делінген хабарламада.
Кейінгі апталарда Израильдің әуе шабуылдары нәтижесінде Иранға жақын топтың бірнеше басшылары өлтірілгені атап өтілген.
Еске сала кетейік, бұған дейін Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху үндеуінде елі солтүстік шекарасына төнетін қауіпке төзе алмайтынын жеткізіп, "Хезболлаға" сес көрсеткен.
24 қыркүйектегі жағдай бойынша, Ливанның оңтүстігіндегі елдімекендерде Израильдің әуе шабуылдарынан қаза тапқандар саны 558-ден 569-ға дейін өскен. Жараланғандар саны 1,8 мыңнан асқан.