×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

«Әйелдің мәйіті табылды»: Атырауда пәтерді қасақана өртеген күдікті ұсталды

«Әйелдің мәйіті табылды»: Атырауда пәтерді қасақана өртеген күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz

Полицейлер Атырауда көпқабатты үйдің пәтерін қасақана өртеген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің ұсталуына қатысты деректі растады. 

Тұрғын үйдегі өрт дерегі бойынша күдікті анықталып, ұсталды. Қазір қылмыстық іс тіркелді. Күдіктіге қатысты кешенді тергеу амалдарын жүргізу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

БҰҒАН ДЕЙІН

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлім еткендей, өрт бүгін, 25 қыркүйекте болған.

Түнгі сағат 03:03-те Атырау қаласының Алмагүл шағын ауданындағы 6 қабатты тұрғын үйдің 1 қабатындағы пәтердің өртенгені туралы шақырту түсті. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері автосатымен және баспалдақ арқылы 13 адамды, оның ішінде 6 баланы эвакуациялады. Ал, 54 адам, оның ішінде 30 бала өздері қауіпсіз аумаққа шықты, деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы. 

КҮЙІК ШАЛҒАН 20 ЖАСТАҒЫ ЖІГІТ АУРУХАНАҒА ТҮСТІ

Пәтердегі өрт сағат 03:44-те толықтай сөндірілді. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінен 17 құтқарушы, апаттық медицина орталығынан 3 қызмертер, 5 техника тартылған.

Оқиға орнында 1954 жылы туған әйел адамның денесі табылды. Марқұмның 1994 жылғы ұлы күйік алып, ауруханаға жатқызылды. Өрттің алдын ала себебі – қасақана өртеу, делінген хабарламада.