Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлі өзінің телеграмм арнасыда жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем жұмысына ешқандай өзгеріс енгізілмейтінін хабарлады. Ведомствоның сөзінше олардың ойын қате түсінгендер бар екен.
“Бұрынғыдай, 103 нөміріне қоңырау шалу арқылы барлық пациенттер шақырту санатына қарамастан толық көлемде медициналық көмек алады. Сонымен қатар, жеделдікті жақсарту үшін жұмыс уақытында шұғылдықтың IV санатындағы шақыртуларға қызмет көрсетуге медициналық-санитариялық алғашқы көмектің мобилдік бригадалары тартылатын болады. Кешкі және түнгі уақытта, сондай-ақ демалыс күндері барлық санаттағы шақыртуларға жедел көмек бригадалары қызмет көрсететін болады. Осылайша, азаматтар үшін ештеңе өзгермейді, бірде-бір шақырту назардан тыс қалмайды және пациенттерге қызмет көрсетудің жеделдігі мен сапасы одан әрі жақсарады”,- дейді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Айгерім Уразалиева.
БҰҒАН ДЕЙІН
Қазақстанда жедел медициналық жәрдем көрсету ережелеріне айтарлықтай өзгеріс енгізілгелі жатырғанын жаздық. Оған сәйкес барлық бригада барлық науқастарға тәулік бойы бара бермейтін болған.
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі Ашық НҚА сайтында енгізілгелі отырған өзгерістер жобасын жариялады. Оған сай, арнайы бригада түнгі уақытта жеделдігі жөнінен 4-санатқа жататын шақыруларға бармайтын болады.
ОЛ ҚАНДАЙ САНАТТАР
Жобада шақыруларды жағдайдың жеделдігіне қарай санаттарға бөлу көзделген.
4 САНАТҚА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС УАҚЫТЫ
Енді жедел бригада 4 санаттағы шақыруларға тек жұмыс сағаттарында барады: