Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айында ел президенті Ухнаагийн Хурэлсухтың шақыртуымен Моңғолияға сапарлайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
НЕ ҮШІН
Aist Global телеарнасының мәліметінше, екі ел көшбасшылары сауда-экономикалық байланыстарды арттыруды және өзге де мәселелерді талқылайды.
Тараптар елдер арасында тікелей әуе рейсін ашу және жоғары жылдамдықты магистраль құрылысы мәселелерін талқылау үшін іскерлік кеңес құрмақ, - делінген ресми баспасөз парағында.
ТАҒЫ ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕЛЕР СӨЗ БОЛАДЫ
Сонымен қатар келіссөздер барысында Қазақстанның Моңғолияға экспорттайтын мұнай өнімдерінің көлемін 500 миллион долларға ұлғайту (қазір – 100 млн), «Жол картасы» және Қазақстан мен Моңғолия арасында әуе рейстерінің санын арттыру мәселелері сөз болады деп күтіліп отыр.