×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ақтөбеде прокуратура адамның ішкі ағзаларын заңсыз сатуға оқталу әрекетін анықтады

27.09.2024, 11:20
Ақтөбеде прокуратура адамның ішкі ағзаларын заңсыз сатуға оқталу әрекетін анықтады
Көрнекі сурет

Ақтөбе облысының прокуратуралы ішкі органдарын сатпақ болған азаматты ұстағанын мәлім етті. Ер адамның екі жылға бас бостандығы шектелуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

НЕ ЖАҒДАЙ

Ақтөбе облысы прокуратурасы әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында «E» есімді азамат өзінің ішкі ағзаларын сату бойынша мәміле жасағалы жүргені туралы ақпарат анықталған

МӘЛІМДЕМЕ

“2024 жылдың 25 қыркүйегінде прокуратураның бастамасымен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасы аясында, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өзінің ішкі ағзаларын 9 млн теңгеге заңсыз мәміле жасау арқылы сатпақшы болған «E» есімді азаматты ұстады” делінген хабарламада.

ЖАУАПКЕРШІЛІК

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 116-бабының 1-бөлігіне сай, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық кодекстің 116 бабына сай, (Адам ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою) әрекет дәлелденсе, айыпкер айыппұл арқалайды немесе 2 жылға дейін бостандығы шектелуі мүмкін.