Астана қаласының Алматы ауданындағы жеке сектордағы тұрғын үйге жапсарлас орналасқан кафеде газ баллоны жарылып, арты өртке айналды. Салдарынан 6 адам жарақат алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
НЕ ЖАҒДАЙ
Елорданың Алматы ауданы аумағындағы Ақыртас көшесінің бойында 2 қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған кафеде газ баллоны жарылып, кейіннен кафе ғимараты қирап, арты өртке ұласқан.
МӘЛІМДЕМЕ
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
“Қирау алаңы шамамен 60 шаршы метр, өрт алаңы 15 шаршы метр. Өрт сөндірілді. 6 адам жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. ТЖМ күштері қауіпсіз жерге көлемі 50 литр болатын 4 тұрмыстық газ баллонын шығарды”, делінген хабарламада.
Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері үйінділерді бұзу жұмыстарын жүргізіп жатыр.