×
479.23
534.96
5.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.23
534.96
5.16

"Сегіз миллион теңге". ІІМ үш облыста бопсалаушылар ұсталғанын мәлім етті

Бүгін, 10:10
"Сегіз миллион теңге". ІІМ үш облыста бопсалаушылар ұсталғанын мәлім етті
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Ішкі істер министрлігі бопсалаушылардың қылмыстық топтарын анықтау және ұстау бойынша елдің бірнеше облысында күдіктілер ұсталғанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz 

ІІМ дерегінше, соңғы үш күнде үш облыста қылмыстық топтың заңсыз әрекеті тоқтатылған.

“Оралда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде көрсетіп, зорлық-зомбылықпен оқу орындарының бірінің студентінен 500 мың теңге бопсалаған жергілікті жастар тобын ұстады. Күдіктілер қамауға алынды” еді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Бұдан бөлек Шымкентте жедел уәкілдер қаланың екі тұрғынын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған. Ал Ұсталғандар жергілікті тұрғыннан бір миллион теңге бопсалап, оған қатысты ақпарат таратамыз деп қорқытқан.

Ал Ақтөбеде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері бір миллион теңге мен Subaru автокөлігін алу кезінде қылмыстық топтың мүшесін ұстаған.

“Ол өзінің үш сыбайласымен ғимарат жертөлесінде жәбірленушіге моральдық және физикалық қысым көрсетіп, сегіз миллион теңге бопсалаған. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бопсалау фактілерін анықтау және олардың алдын алу жұмыстары жалғасады” деді Қуандық Алпыс.