×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанда әскерге шақырылатын адам саны артады

30.09.2024, 15:26
Қазақстанда әскерге шақырылатын адам саны артады
Көрнекі сурет

Қорғаныс министрлігі әскерге отан алдындағы борышын өтеуге шақырылатындар санын 40 202 адамға дейін жеткізбек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

НЕ ЖАҒДАЙ

Бұл туралы "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2024 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" президент жарлығын іске асыру туралы" үкіметінің № 96 қаулысына енгізілгені отырған өзгерістерде айтылған.

Оған сай, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі саны 40202 ер азаматты 2024 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында әскерге шақыруды жүргізуді қамтамасыз ету жоспарланып отыр. 

Үкімет қаулысы 26 қыркүйектен бері әрекет етеді.

МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕР ӘСКЕРДЕ НЕ ІСТЕЙДІ

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер армияда болған уақытында әскери мамандықтарына сәйкес жауынгерлік даярлық сабақтарынан өтеді. Олар жауынгерлік, дене шынықтыру дайындығы және әскери қызмет бойынша қажетті дағдыларды алады.

“Әскерден босатылғаннан кейін олар әскери дайындықтан өткен запасқа есепке алынады. Әскери даярланған резерв, яғни әскери дайындық дағдылары бар азаматтар мемлекет қорғанысының элементтерінің бірі, оның жұмылдыру ресурсы. Әскери қауіп төнген жағдайда олар мемлекеттің қорғанысын қамтамасыз ету бойынша тапсырмаларды орындайды” дейді Қорғаныс министрлігі өкілдері.

АРМИЯДАҒЫ ӨЛІМ

Кейінгі жылдары әскердегі өлімнің жиілеуінен баласын әскерге жіберуден қорқатын ата-аналар жиілеген. Бүгін Ақтауда сержант өзіне қол салғаны туралы ақпарат шықты. Одан бөлек жуырда “Оймаша” полигонында оққа ұшқан әкенің “жалғыз ұлымнан айырылдым” деп шырылдаған үні бүкіл қоғамды тағы дүр сілкіндірген. Ұзамай 10810 әскери бөліміне барған әскери қызметкер көз жұмған.