×
487.37
532.94
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.37
532.94
5.09

Израиль-Ливан қақтығысы. Бір тәулікте 100-ден астам адам қаза тапты

30.09.2024, 18:18
Израиль-Ливан қақтығысы. Бір тәулікте 100-ден астам адам қаза тапты
ашық дереккөз

Ливанда Израильдің шабуылынан соңғы тәулікте 105 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
 

350-ден астам тұрғын жараланды. Ресми ақпаратқа сай, соңғы екі аптада атыс-жарылыстан 1 мыңнан астам ливандық мерт болған. 6 мың адам жараланды.

Бұған қоса бір миллиондай адам үйін тастап кетуге мәжбүр болған. Соңғы екі аптада "Хезболланың" бірнеше жоғары шенді мүшесі де қаза тапты, деп жазады жергілікті БАҚ.

Бұған дейін Еуропалық Одақ әуе компанияларына қазан айының соңына дейін Ливан мен Израильдің үстінен ұшпауға шақырған.

«Израиль мен Ливанның әуе кеңістігінде барлық деңгейдегі әуе рейстерін орындамау ұсынылады. EASA жағдайды мұқият бақылауын одан әрі жалғастыра бермек», деді Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігі.

Агенттік соңғы уақытта Израиль мен Ливандағы «Хезболла» қозғалысы арасындағы қақтығыстың өршуін атап өтті. Әуе компанияларына әуе қақтығыстары мен зымырандық шабуылдардың көбеюіне байланысты 31 қазанға дейін Ливан мен Израильдің әуе кеңістігін айналып өтуді ұсынды.

СОҢҒЫ ДЕРЕКТЕР

Израильдің Ливанға шабуылынан соңғы екі аптада 1030 адам қаза тапты

Ал оған дейін Израиль Ливан астанасы Бейруттің шетіндегі "Хезболла" ұйымының негізгі штаб-пәтеріне соққы бергенін хабарлағанбыз.

Израиль армиясы Хезболла жетекшісі Хасан Насралланың қаза тапқанын хабарлаған еді.

«Хезболла» өз жетекшісі Хасан Насралланың қаза тапқанын растады.