×
479.23
534.96
5.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.23
534.96
5.16

Үш күн бойы Қытаймен шекарадағы автокөлік өткізу пункттері жұмыс істемейді

Бүгін, 20:50
Үш күн бойы Қытаймен шекарадағы автокөлік өткізу пункттері жұмыс істемейді
Ашық дереккөзден

Қытаймен шекарадағы автокөлік өткізу пункттері үш күн жұмыс істемейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

3 КҮН ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙДІ

Әңгіме алдағы қазан айының 1-3 жұлдызы туралы. 

“Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері 1-3 қазан аралығында жұмыс істемейді”,- деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі. 

МЕРЕКЕ СЕБЕП

Бұған себеп Қытайдағы мереке. 

"ҚХР-ның құрылған күнін мерекелеуге байланысты 1-3 қазан аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды", – делінген хабарламада. 

Бұл ретте теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейтін болады.

Комитет тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдірушілердің барлығынан маршруттарын алдын-ала жоспарлауды сұрады.