×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Министр: Әрбір үшінші автокөлікті сыртқа сатамыз

30.11.2021, 10:01
Фото: Ашық дереккөзден

Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанда шығарылатын әрбір үшінші көлікті экспортқа шығару көзделіп отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«2025 жылға қарай шикізат емес экспортты 1,5 есе ($21,8 млрд АҚШ долл.) арттыру міндеті қойылды. Оған жету үшін өнімдері әлемнің 60-тан астам еліне экспортталатын 180 жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Осылайша, Қазақстан ферроқорытпалардың екінші экспорттаушысы болады (1-орынды АҚШ алады). Біз тұз-қышқыл ыдырау қолданылатын күрделі тыңайтқыштар өндірісі бойынша әлемдегі алғашқы ел боламыз», - деді Бейбіт Атамқұлов үкіметтің бүгінгі отырысында.

Министр сонымен қатар Қазақстан «КАМАЗ» және HYUNDAI кәсіпорындарының жаһандық өткізу тізбегінің бір бөлігіне айналатынын айтты.

«Қазақстандық өндірістің әрбір үшінші автомобилі экспортқа бағдарланады. Бұл ретте отандық компоненттерді (бампер, дискілер, резеңке кілемшелер, аккумуляторлар) өндіру есебінен жергілікті қамту үлесі 50% жетеді», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары