×
$
458.28
€
501.45
₽
5.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
458.28
€
501.45
₽
5.59

Cемейде Қазақстан прокуратурасы органдарының 35 жылдығына арналған өңіраралық форум өтті

Бүгін, 18:21
Cемейде Қазақстан прокуратурасы органдарының 35 жылдығына арналған өңіраралық форум өтті
Бас прокуратура

2026 жылғы 24 қарашада Семей қаласында прокуратура органдарының құрылғанына 35 жыл толуына арналған, 500-ден астам қонақ пен қатысушының басын қосқан өңіраралық форум өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Форумның құрметті қонақтары қатарында Бас Прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев, Абай облысының әкімі Берік Уәли, прокуратура органдарының ардагері Жақсылық Байтуқбаев, Парламенттің экс-депутаты Дәулет Тұрлыханов, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов, Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Тимур Сүлейменов, Павлодар облысының прокуроры Алмат Байшулаков, профессор Мұхтарбек Кәрімов және М. Әуезов атындағы педагогикалық колледждің директоры Шағангүл Жанаева болды.

Форум жұмысына мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметкерлері, сарапшылар қауымдастығының өкілдері және прокуратура ардагерлері де қатысты.

Форумның негізгі тақырыптары конституциялық өзгерістер, заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын қорғау және прокурорлық қызметті одан әрі жетілдіру мәселелері болды.

Баяндамашылар өз сөздерінде жаңа Конституцияның қабылдауының тарихи маңызына және оның мемлекеттің одан әрі дамуындағы рөліне ерекше назар аударды.

Ата Заңның конституциялық кепілдіктерді нығайтуға, демократиялық институттарды дамытуға, мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ әділдік пен заңдылық қағидаттарын орнықтыруға бағытталғаны атап өтілді.

Прокуратура органдарының конституциялық ережелерді іске асырудағы, заң үстемдігін қамтамасыз етудегі және құқықтық тәртіпті нығайтудағы рөліне ерекше назар аударылды.

Талқылаулар барысында прокурорлық қадағалауды жетілдіру, құқық қолдану практикасының тиімділігін арттыру және «Заң мен Тәртіп» конституциялық қағидатын іске асырудың өзекті мәселелері де қаралды.

Форум бағдарламасында ұрпақтар сабақтастығы тақырыбы ерекше орын алды. Қатысушылар ардагерлердің тәуелсіз Қазақстан прокуратурасы органдарының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін атап өтіп, кәсіби дәстүрлерді сақтаудың және жас қызметкерлерді тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталды.

Форум кәсіби тәжірибе алмасуға, мемлекеттің құқықтық дамуының өзекті мәселелерін талқылауға және өңірлер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға мүмкіндік берген алаңға айналды.

Іс-шара заң үстемдігін қамтамасыз етуге, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға бағытталған кәсіби мақсаттардың бірлігін айқындады.

Сізге қызық болуы мүмкін